ММА

Қарсыласын 5 секундта ұтқан файтер: Макгрегордың жағын айырамын

Қарсыласын 5 секундта ұтқан файтер: Макгрегордың жағын айырамын
news-banner7
mobile-news-top

UFC тұжырымында өнер көрсететін Хорхе Масвидаль ирландиялық спортшы Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

- Макгрегормен жекпе-жек өткізіп, оның жағын айырғым келеді. Бұл өте оңай ақша әкеледі деген ойдамын. Шынымды айтсам, оның мені жеңе алатын шамасы жоқ. Макгрегор жекпе-жек кезінде бірнеше мәрте жеңісті қарсыласына бере салған. Оны сындыратынымды сеземін. Жеңіл жекпе-жек болмақ, - деп келтіреді Масвидальдің сөзін MMA Fighting басылымы.

Айта кетейік, Хорхе Масвидаль соңғы жекпе-жегінде Бен Аскренді бесінші секундта сұлатып, UFC-де ең жылдам жеңіске жеткен спортшы атанды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер