«Қайрат» қонақта тиімді нәтижеге қол жеткізді

«Қайрат» қонақта тиімді нәтижеге қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» сырт алаңда босниялық «Широки Бриегтен» басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алексей Шпилевский шәкірттері матч алдында фаворит саналғанымен, алаң қожайындары да мықты команда екен.

«Широки Бриегтің» алғашқы минуттардағы қарқынына төтеп бергеннен кейін «Қайрат» есеп ашты. Алаң ортасынан әдемі паспен Бауыржан Исламхан украиналық легионео Адеринсол Эсеолоны қақпашымен бірге-бір шығарды. Шабуылшы берілген мүмкіндікті ұтымды пайдалана білді.

Өз қақпасына гол жіберіп алған соң, босниялықтар күшке мінді. Көп ұзамай ақ, есеп теңесті. Айып алаңның сыртынан Иван Енин, допты тоғыздық топ еткізді.

Әйткенмен, екінші таймда «Қайрат» жеңісті жұлып алды. Тағы да сол Эсеола көзге түсіп, «Қайратқа» жеңіс сыйлады. Алаң иелерінде жауапты голды соғатын бірнеше мүмкіндіктер болды. Бірақ, бірінде Исламбек Қуат допты қақпадан алып шықса, екінші бір сәтте Стас Покатилов ерлік танытты.

«Қайрат» пен «Широки Бриег» арасындағы қарымта кездесу 18 шілде күні өтеді.

«Широки Бриег» (Босния) — «Кайрат» (Қазақстан) 1:2 (1:1)

Голдар: Эсеола 29 (0:1), Енин 34 (1:1), Эсеола 58 (1:2)

Ескертулер: Багарич 58, Ковачич 59, Марич М. 70 — Ахметов 6, Әбікен 26, Оразов 49, Жуков 54, Косович 71

«Широки Бриег»: Зломислич М., Квесич, Матич, Чорич Д., Бабич, Йович (Вукоя З. 78), Марич М., Станич (Вукоя Б. 68), Ковачич, Багарич, Енин

«Қайрат»: Покатилов, Ахметов, Сүйімбаев, Жуков, Исламхан (Кейлер 76), Эсеола, Әбікен (Қуат 56), Вжесиньски, Дугалич, Миканович, Оразов (Косович 64)

Бас төреші: Себастьян Колцеску (Румыния)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер