русский язык
Футбол

Шымкентте Ордабаевтың жүлдесі сарапқа салынды

Шымкентте Ордабаевтың жүлдесі сарапқа салынды

Кеңес Одағы кезінде «Қайрат» футбол командасының қақпасын қорғаған жерлесіміз Құрал Ордабаевтың жүлдесіне арналған дода биыл да жалғасын тапты, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.

Белгілі футболшы осымен үшінші рет Оңтүстіктегі ізбасарларына спорт мейрамын ұйымдастыруда. Бұл жолы 8 команданың 14 жасар футболшылары ала допты «Локомотив» стадионда қуалады. Бұл жеткіншектерге ең бастысы тәжірибе жинақтау  Бұл турнир — жас футболшылар үшін үлкен спортқа алғашқы баспалдақ

«Биыл Шымкентте халықаралық турнирлер өте аз өтті. Сол себепті мұндай жарыстар біздің өңір үшін өте қажет. Өйткені, балаларға тәжірибе жинақтау қажет. Ал халықаралық жарыстарға өзге елден де спортшылар келеді. Мәселен, бұл жолы қырғызстандық аяқдопшылармен ойнадық», - деді ОҚО футбол мектебінің бас бапкері Олег Сабиров.

Халықаралық жарысқа Қырғызстан мен Тараз облысынан футболшылар келді. Алайда, қонақтардың жолы болмады. Сол себепті қырғызстандық және таластық спортшылар турнирдің соңын күтпей-ақ  ауылдарына қайтты. «Ордабасы» командасының ізбасарлары шебер екендерін байқатты Бұл жолы ақтық кездесуде қалалық №7 футбол мектебінің жеткіншектері мен «Ордабасы» клубының жас ойыншылары кездесті. Нәтижесінде ордабасылықтар жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;