Жеңіл атлетика

Универсиада-2019: Екі спортшымыз финалға өтті

Универсиада-2019: Екі спортшымыз финалға өтті
news-banner7
mobile-news-top

Неапольда өтіп жатқан Универсиада ойындарында жеңіл атлетикадан іріктеу сындары өтуде. Нақтылап айтар болсақ, әйелдер арасында биіктікке секіру мен үш қарғып секіруден финал жолдамасы сарапқа салынды.

Ұлттық құрама мүшесі Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден финалға өтті. Ол іріктеу сынында 1.80 нәтижесін тіркеді. Мұндағы финалдық бәсеке 13 шілде күні 22.00-де өтеді.

Үш қарғып секіруден іріктеу сынында Мария Овчинникова жетінші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Ол 13.41 метрге секірген. Әзірге үш қарғып секірушілер арасында Ольга Корсун көш бастауда. Оның нәтижесі – 13.75 метр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер