Алты жыл күттірген жеңіс!

Алты жыл күттірген жеңіс!
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында грузиялық «Торпедоны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» мен «Тобылдың» ізін ала «Ордабасы» да Еуропаға өз жорығын бастады.

Матч басынан бастап басымдылыққа ие болған Кахабер Цхададзе шәкірттері, қарсылас қақпасынан саңылауды екінші таймда ғана тапты. Бұрыштама орындалғаннан кейін қырағылық танытқан Темірлан Ерланов баспен қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Ордабасыға» көп күттірген жеңісті сыйлады.

Айта кетейік, «Ордабасы» осыған дейін бес мәрте Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынаған еді. Соңғы үш ретінде команда алғашқы кезеңнен әрі аспай, алты матчтың бірде-бірінде жеңіске жете алмаған еді. Сонау 2012/2013 маусымда сербиялық «Ягодинаны» ұтқаннан кейін, шымкенттік ұжым жеңістің не екенін ұмытқан болатын.

«Ордабасы» мен «Торпедо» арасындағы қарымта кездесу 18 шілде күні өтеді.

«Ордабасы» (Шымкент) — «Торпедо» (Кутаиси) 1:0 (0:0)

Гол: ТемірланЕрланов 67 (1:0)

Ескертулер: Жанғылышбай 65, Диакате 84 — Пониава 45+1, Надарая 46

«Ордабасы»: Непогодов, Малангу, Ерланов, Механович (Щеткин 67), Төлебек (Бадибанга 56), Жанғылышбай (Быстров 73), Диакате, Малый, Досмағамбетов, Фонтанельо, Жоао Пауло

«Торпедо» Кутаиси: Квасхвадзе, Табатадзе, Небиеридзе, Чичинадзе, Хурцилава, Цинцадзе, Пониава (Мосиашвили 86), Капанадзе (Цецхладзе 78), Надарая, Чогадзе (Кобахидзе 67), Цицкишвили

Бас төреші: Роомер Тараев (Эстония)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер