Футзал

Қанат Танақпаев: «Барселонамен» ойнау - біз үшін үлкен құрмет

Қанат Танақпаев: «Барселонамен» ойнау - біз үшін үлкен құрмет
news-banner7
mobile-news-top

«Аят» футзал клубының бас бапкері Қайрат Танақпаев Негізгі кезеңдегі қарсыластары жайлы ой бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

- Бізді топқа өз елінің чемпиондары түсті. Бұл жағынан алғанда біз қуаныштымыз. Негізі, кімдерге қарсы ойнайтынымыз біз үшін аса қатты маңызды емес еді. Әрине, Еуропадағы үздік клубтардың қатарына кіретін «Барселонамен» ойнау - біз үшін үлкен құрмет. Чемпиондар лигасында өнер көрсету - «Аят» секілді шағын ғана қаладан шыққан клубқа зор мақтаныш. Қаламыз бен клубтың тарихында қалатыны түсінікті. Мықты ұжымдарға қарсы ойнап, үлкен тәжірбие жинаймыз. Әр матчқа тек жеңісті ғана мақсат етіп шығатын боламыз. Мейлі, қарсылас кім болсын - «Барса», «Тюмень» немесе «Витис». Алға қойған мақсатымыз бір: Элиталық кезеңге жолдама алу. Қай орынмен шығатынымыз маңызды емес - деді Танақпаев.

Айта кетейік, негізгі кезеңде ел чемпионы «Қайрат» пен күміс жүлденің иесі «Аят» үшінші және төртінші топтарда бақ сынайды.

Негізгі кезең. А жолы

I топ

Спортинг (Португалия)

Экономац (Сербия)

Добовец (Словения)

Мостар (Босния және Герцеговина)

ІІ топ

Бенфика (Португалия)

Халле-Гойк (Бельгия)

Араз (Әзербайжан)

Херсон (Украина)

ІІІ топ

Барса (Испания)

Аят (Қазақстан)

Тюмень (Россия)

Витис (Литва)

IV топ

АФК Қайрат (Қазақстан)

Эль Посо (Испания)

КПРФ (Россия)

Береттьоуйфалу (Венгрия)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер