Жеңіл атлетика

Михаил Литвин: Бірінші орын аламын деген ой болған

Михаил Литвин: Бірінші орын аламын деген ой болған
news-banner7
mobile-news-top

Универсиада ойындарында 400 метрге жүгіруден күміс жүлдегер атанған Михаил Литвин Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті.

«Әзірге нақты қандай сезімде екенімді айта алмаймын. Бірінші орын аламын деген ой болған. Дегенмен, екінші орын да жаман емес. 45.60 секунд төмен нәтиже емес. Аздап ауа райы әсер етті, ылғалдылық жоғары. Елге оралған соң халықаралық турнирлерге қатысамыз. Кейін Түркияда жиын өтеді. Әрине, басты мақсатымыз әлем чемпионатына қатысып, Олимпиадаға жолдама алу», - дейді Литвин.

Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар Универсиада ойындарында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими және стенд атушы Зоя Кравченко мен жеңіл атлет Михаил Литвин күміс еншіледі. Стенд атудан қола жүлдені Сәрсенкүл Рысбекова иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер