Басқа

Жапаров пен Мырзабаев Кореяда күміс медаль алды

news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Чунчон қаласында таеквондодан «Korea Open» турнирі аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшылар екі күміс еншіледі.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрлан Мырзабаев пен +87 келіде бақ сынаған Руслан Жапаров финалда сүрінді.

Мырзабаев соңғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілінен ұтылды. Жапаровты да алтыннан қаққан Оңтүстік Кореялық таеквондошы жеңді.

Еске сала кетейік, Руслан Жапаров маусымда Римде өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдегер атанған болатын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер