Beautiful Football

«Астана» - Еуропадағы ең әлсіз команда. «ЧФР» жанкүйерлері не деді?

«Астана» - Еуропадағы ең әлсіз команда. «ЧФР» жанкүйерлері не деді?
news-banner7
mobile-news-top

«ЧФР Клуждың» жанкүйерлері клубтың Facebook және Instagram желісіндегі ресми парақшаларында Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында өткен «Астанаға» қарсы матчтан кейін командасын жерден алып, жерге салды. Олардың көбісінің бас бапкер Дан Петресудің жұмысына көңілі толмайтын көрінеді.

razvain

«Айтып тұрмын ғой, мұндай нашар бапкермен 1:0 өзі жақсы нәтиже»

ionutlegean99

«Силла Хобан не Бордеянға қарағанда ортада жақсы ойнайды»

sote_07

«Нағыз ойын болатын матч еді. Алдамшы комбинациялар емес, нақты пастар қажет болды»

lonisz

«ЧФР үйде 3:0 есебімен ұтады»

raul.cseh

«Біз оларды үйде быт-шыттарын шығарамыз»

Аттила Кароли

«Егер Сіз (Дан Петреску, «ЧФР» бас бапкері - авт.) бүгін біз жақсы ойнадық десеңіз, онда мен басқа матчты көрген болармын! Бүгін «Астана» әлсіз болды. «ЧФР», тіпті, әлсіз»

Эмилиан Лучиан

«Біз Еуропада көрген ең әлсіз команда. Инвестициясы жоқ, алдына қойған нақты мақсаты мен міндеті жоқ команда»

Кристиан Балтару

«ЧФР-да Дан Петреску есімді бапкер бар. Өмірі ақшаны жоқтығын сылтауратып, қарсыластарының мықты екенін айтып қоймайды»

Габи Русу

«Біз стадионда қолдау көрсететін боламыз, бірақ кейбір ойыншылардың жанкүйерлермен басқаша қарым-қатынас жасағанын қалаймыз!!!»

Симона Адам

«Мен оларға ренжимеймін және кінәләмаймын. Мен олармен мәңгі бірге боламын!»

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер