«Астана» келесі кезеңге өтеді. Статистика солай дейді

«Астана» келесі кезеңге өтеді. Статистика солай дейді
news-banner7
mobile-news-top

Ел чемпионының Чемпиондар лигасында келесі кезеңге өтетініне статистика да сендіріп отыр, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық «Астана» Чемпиондар лигасында ел намысын бесінші маусым қатарынан қорғап жүр. Осы турнирге алғаш қатысқан 2015/2016 маусымда топтық кезеңнен бір-ақ шығып, өз алаңында «Атлетико», «Бенфика» секілді Еуропа футболында ойып тұрып алатын орындары бар ұжымдарға да ұтылмаған еді. Алысқа бармасақ та, Чемпиондар лигасындағы сол маусымға көз жүгіртсек, испаниялық клуб турнирдің финалына дейін барса, португалиялықтар ширек финалға дейін жетіп, «Баварияның» алдында ғана дәрменсіздік танытқан еді.

Содан бері «Астана» кемі Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығып жүр. 2017/2018 маусымда тұңғыш рет еурокубоктық маусымын көктемге дейін жалғастырды. Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.

2019/2020 маусымда да командамыз Еуропаға жорығын сәтті бастады. Румыниялық «ЧФР Клуж» клубын бірінші кезеңнің алғашқы матчында 1:0 есебімен жеңді. Бұл есеп «Астана» үшін өте тиімді. Өз алаңында гол соқты. Ең бастысы, өз қақпасын аман сақтады. Григорчук шәкірттерінің қонақтағы бір ғана сәтті шабуылы текетірес тағдырын түбегейлі шешіп кетуі мүмкін.

Статистика да «Астананың» жағында. Чемпиондар лигасындағы іріктеу кезеңінде екі матчтық кездесудің алғашқы ойынында «Астана» жеңіске жетсе, басымдықтан айырылмайды. Тек, 2017/2018 маусымда польшалық «Легияны» бірінші ойында 3:1 есебімен ұтып, қарымта матчта жеңіліп қалған еді. Алайда, қонақтағы 0:1 жеңілісі елордалықтардың төртінші кезеңге өтуіне кедергі бола қойған жоқ.

«Астана» алғашқы матчта ұтқан екі матчтық кездесулер

2015/2016.

Төртінші кезең

«Астана» - АПОЭЛ - 1:0

АПОЭЛ - «Астана» - 1:1

2017/2018.

Үшінші кезең

«Астана» - «Легия» - 3:1

«Легия» - «Астана» - 1:0

2018/2019

Бірінші кезең

«Астана» - «Сутьеска» - 1:0

«Сутьеска» - «Астана» - 0:2

Екінші кезең

«Астана» - «Мидьтюлланд»- 2:1

«Мидьтюлланд» - «Астана» - 0:1

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер