русский язык

Қазақстандық ауыр атлет қола медаль алды

Қазақстандық ауыр атлет қола медаль алды

Нанкиндегі Олимпиада ойындарында Жасұлан Қалиев 77 келіге дейін салмақ бойынша қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы есепте 319 келімен алтын медальді Армения спортшысы еншіледі. Ал күмісті үндістандық ауыр атлет мойнына тақты – 316 кг. Жасұлан 310 келімен үздік үштікті түйіндеді.

Естеріңізге салсақ, Нанкиндегі Олимпиада ойындарына әлемнің 204 елінен 3808 спортшы қатысуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;