Ресми: Соколенко — «Ертіс» ФК жаңа ойыншысы

Ресми: Соколенко — «Ертіс» ФК жаңа ойыншысы
news-banner7
mobile-news-top

Павлодарлық «Ертіс» 22-жасар қазақстандық қорғаушы Александр Соколенконың трансфері жайлы ресми түрде хабарлайды.

Петропавл футбол мектебінің тәрбиеленушісі кәсіби мансабын туған қаласындағы «Қызылжар» ФК бастаған. 2015 жылы алғашқы рет команда сапында шығып, жалпы 59 ойын өткізіп, 6 гол салған еді.

2017 жылы «Қайрат» сапына ауысып, алматылық команда құрамында 31 матч өткізді.

Қазақстан жастар құрамасы сапында 10 матч өткізіп, 2018 жылы Латвия және Андорра құрамаларына қарсы матчтарға Қазақстан ұлттық құрамасына алғашқы рет шақырылған еді.

Түпнұсқасы: fcirtysh.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер