«Қайрат» «Ишимді» ірі есеппен жеңді
![«Қайрат» «Ишимді» ірі есеппен жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408685816_280649785.jpg?v=28696771)
«Қайрат» футзал клубы «Орал кубогында» ресейлік «Тюмень» командасының дублін тас-талқан етті, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.
«Тюменнің» дублерлері бесінші минутта-ақ есепті ашты. Алайда қатарынан төртінші матчта бірінші боп гол жіберген «Қайрат» шеберлігін танытты – таразы басын теңестіріп қана қоймай, қарсыласын 8:3 есебімен жермен-жексен етті. Алматылықтар сапында Дуглас, Сүлейменов, Жоан, Алешандре, Игита, Першин және Жаманқұлов көзге түсті.
«Қайрат» - «Ишим» 8:3 (3:1)
Голдар: Кривошеев 5, Лисовский 28, Курбатов 32 – Дуглас 19, Сулейменов 23, 38, Жоан 24, Алешандре 30, Игита 37, Першин 39, Жаманқұлов 47
«Қайрат»: Маркао, Игита, Қосмұхамбетов - Балтабаев, Жаманқұлов, Жоан, Сүлейменов, Лео, Алешандре, Першин, Дуглас, Смақов, Кайо
«Ишим»: Кисельников - Киприянов, Марфенко, Вахитов, Новик, Кузьмин, Кривошеев, Фурсов, Лисовский, Курбатов, Исаев, Абышев
21 тамыз. ДИВС. Екатеринбор.