Велоспорт

Еуропа ойындарының жеңімпазы «Астанадан» кетті

Еуропа ойындарының жеңімпазы «Астанадан» кетті
news-banner7
mobile-news-top

Astana Pro Team велокомандасының спорттық директоры Дмитрий Фофонов италиялық шабандоз Давиде Баллеринидің осы маусым аяқталған кейін командадан кететінін растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Баллерини 2020 жылғы маусымды бельгиялық Deceuninck-Quick Step командасының сапында бастайды.

«Бұл оның таңдауы. Ол классикалық жарыстарға көбірек көңіл аударатын команданы таңдады. Біз оның шешіміне түсістікпен қараймыз », - деді Фофонов.

Айта кетейік, 24 жастағы шабандоз «Астанаға» 2019 жылдың басында келді. Қазақстандық команда сапында ол «Калифорния турында» топ жарды. Бұдан бөлек, «Критериум Дофине» көпкіүндігінде үшінші орын алды.

Сонымен қатар, Баллерини биыл Минск қаласында өткен ІІ Еуропа ойындарының жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер