Дзюдо

Қазақстанның жас дзюдошылары Азия чемпионатынан олжалы оралды

Қазақстанның жас дзюдошылары Азия чемпионатынан олжалы оралды
news-banner7
mobile-news-top

Макаода дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан командасының еншісінде бес медаль бар, деп жазады Olympic.kz.

Біздің спортшыларымыз бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Алтын жүлдені 90 келідегі Мұхаммедали Мавлидов иеленсе, Айдар Арапов (81 келі) пен Жұрғамыр Шүкірбеков (+100 келі) күміске қол жеткізсе, Мадина Парағұлова (+78 келі) қола медаль иеленді.

Айта кетелік, кадеттер арасындағы Азия чемпионатынан біздің спортшылар 24 медаль жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер