Қысқы

Алматы әкімі Денис Теннің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Алматы әкімі Денис Теннің ескерткішіне гүл шоғын қойды
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев былтыр қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әкім Теннің ескерткішіне барған сәтін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Денис Тен. Мәңгі есімізде", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев суреттерінің астына.

Естеріңізге салсақ, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің ескерткіші 22 маусымда қойылған еді. Спортшы былтыр 19 шілдеде автоұрылардың қолынан қаза тапқан болатын. Ескерткіш Денис Тен қайтыс болған Бәйсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылған.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер