Әлем футболы

«Лестер» «Монако» ойыншысын сатып алды

«Лестер» «Монако» ойыншысын сатып алды
news-banner7
mobile-news-top

Британиялық «Лестер» «Монакодан» Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Юри Тилемансты сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың сайтына сілтеме жасап.

Команда ойыншымен 4 жылдық келісімшартқа отырды. Трансфер сомасы жарияланбады, бірақ БАҚ ақпараты бойынша, «Лестер» франциялық клубқа 40 миллион фунт төлеген.

Тилеманс биылғы қысқы трансферде «Лестер» сапына жалға берілген еді. АПЛ-дің 13 матчында ойыншы 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

2013-2017 жылдар арасында Тилеманс «Андерлехтте» ойнаған. Бельгиялық клубта 185 матч өткізіп, 35 гол соққан. Ал «Монакоға» хавбек 2017 жылы ауысып, 65 матчта 6 рет қанжығасын майлаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер