«Шахтерге» Албания чемпионатының үздік сұрмергені ауысты

«Шахтерге» Албания чемпионатының үздік сұрмергені ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Өткен маусымда Албания чемпионатының үздік сұрмергені атанған Режиналдо Артур Фаифе қарағандылық «Шахтер» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Режиналдоның соңғы клубы албаниялық «Кукеси» болған. Өткен маусымда 29 жастағы форвард барлық турнирде 43 матч өткізіп, 20 гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанған.

Өз мансабында шабуылшы мозамбиктік «Лига Мусульмана», португалиялық «Санта Клара» мен «Насьонал», сонымен қатар, албаниялық «Люфтетари» мен «Лачи» командаларында ойнаған.

Ал Мозамбик құрамасында 25 матч өткізіп, 3 гол соққан.

Режиналдо Артур Фаифе

Туған күні: 14 маусым1990
Амплуасы: Шабуылшы
Азаматтығы: Мозамбик
Бойы: 174 см.
Салмағы: 65 кг.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер