Жеңіл атлетика

Эфиопиялық желаяқ мәреге бір айналым қалғанда жеңісін тойлап, қапы қалды. Видео

Эфиопиялық желаяқ мәреге бір айналым қалғанда жеңісін тойлап, қапы қалды. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан «Гауһар лиганың» бес мың метрге жүгіру жарысында эфиопиялық желаяқ Хагос Гебривет мәреге бір айналым қалғанда жеңісін тойлаймын деп ұтылып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Осынау ешкімнің ойына келмейтін, Хагос Гебривет үшін орны толмас өкінішті сәттің видеосы Twitter-дегі TyCSports аккаунтында жарияланды.

Соңғы айналымға шығардың алдында Гебривет көш басында келе жатты. Ол айналымдар санынан шатасып, мәреге жеттім деп ойлап, жеңісін тойлауды бастап кетті. Ол қатесін түсінгенше, артында келе жатқан өзге атлеттер Гебриветтен озып кетті. Соңғы айналымға жетпей-ақ бар күшін жұмсап үлгерген Гебривет мәре сызығынан оныншы болып өтті. Ал жеңісті оның қолынан отандасы Йомиф Кейелча жұлып әкетті.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер