Бокс

Боб Арум: Сондерс Головкинді де, Альваресті де құлатады

Боб Арум: Сондерс Головкинді де, Альваресті де құлатады
news-banner7
mobile-news-top

Жеңілістің дәмін татпаған британиялық боксшы Билли Джо Сондерс Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Сондерс Геннадий Головкинмен Қазақстанда жұдырықтасқысы келетінін айтты.

«Геннадий, сенің елің жақсы екен. Осы жерде сенімен жек-жекке шығуға дайынмын. Қалай қарайсың?» — деп жазды Сондерс.

Еске сала кетейік, жақында Сондерс жайлы журналистердің Головкинге қойған сұрақтарынан кейін отандамыз: «Сондерс? Ол жайлы ұмытыңдар!» - деп жауап берген еді.

Алайда атақты «Top Rank» промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Сондерс Головкинді де, Альваресті де ұтатынын айтты.

«Менің ойымша, Сондерс — Головкинмен өтетін жекпе-жекте фаворит. Альвареспен де солай. Головкин қарсылас іздеуде. Оған Сондерске көңіл аудар дер едім».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер