русский язык
Футбол

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қазақстан жастар құрамасының (U-21) алдағы ойындарына андатпа

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қазақстан жастар құрамасының (U-21) алдағы ойындарына андатпа

Қазақстан жастар құрамасы «Еуро-2015» іріктеу додасы аясында 4 қыркүйек күні Франциямен кездеседі, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Астана уақытымен сағат 20:15-те «Астана-Арена» стадионында басталатын ойынды «Kazsport» арнасы тікелей эфир арқылы ұсынса, «Қазақстан» ұлттық арнасы сағат 23:30-да ойынның қайталауын көрсетеді. 

Қазақстан ұлттық құрамасы 5 қыркүйек күні елордамыздың «Астана-Аренасында» Қырғызстан ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Сағат 19:00-де басталатын ойынды «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирден ұсынады. Стадионға кіру тегін.

Ал 9 қыркүйек күні Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2016» іріктеу додасын бастайды. Алғашқы қарсыласы – Латвия. Ойын «Астана-Арена» стадионында сағат 22:00-де басталады. Билеттер стадионның кассалары мен «Меломан» сауда желілерінде сатылады. «Қазақстан» және «Kazsport» арналарынан тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;