русский язык
Футбол

Марат Бикмаев: «Қазақстанды сағынып жүрмін»

Марат Бикмаев: «Қазақстанды сағынып жүрмін»

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Марат Бикмаев «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық командаларға сәттілік тілеп, Қазақстанды қатты сағынып жүргенін айтты.  

- Марат, «Ақтөбенің» кездесулерін тамашалап жүрсіз бе?

- Иә. Соңғы ойында «Астанамен» тең түсті – 1:1. Мұнда «Ақтөбенің» кездесулерін көрсетпейді, сондықтан тек қана нәтижелерін ғаламтордан қараймын.  

- Бүгін «Ақтөбе» Еуропа Лигасы аясында польшалық «Легияны» қабылдайды. Аталмыш матч қалай аяқталады деп ойлайсыз?

- «Ақтөбеге» тек қана сәттілік тілеймін. Командамыз өте мықты. Ең бастысы – ойыншыларға жинақы болу керек. Ойыннан тыс нәрсенің бәрін ұмытып, бар күштерін «Легияға» қарсы матчқа салуы қажет.

- Былтырғы маусымда киевтік «Динамо» түссе, биыл – «Легия». Қос команданың қайсысы мықты деп ойлайсыз?

- Қайсысы мықты деп нақты айту қиын. Еуропалық командалардың деңгейлері бірдей.

- «Стяуамен» өткен ойынды көрдіңіз бе?

- Өкініншке қарай, көре алмадым. Бірақ, гол соғатын талай мүмкіндіктер болды деп естідім.

- Сізге жақсы таныс Владимир Газзаев сол матч қарсаңында «Ақтөбенің» тізгінін ұстаған болатын. Бұл бапкер жайлы пікіріңіз қандай?

- Жас бапкер. Меніңше, басшылық дұрыс шешім қабылдады. Владимир Газзаев – болашағынан үлкен үміт күттіретін маман. Алдына қойған мақсатына қайтсе де жетеді.   

- Бүгін сондай-ақ тағы бір қазақстандық команда «Астана» «Вильярреалмен» күш сынасады. Бұл матч жайлы не ойлайсыз?

- «Астана» – мықты команда. Оларға да сәттілік тілеймін. Біздің командалар келесі кезеңге шыққысы келсе, өз алаңдарында жақсы нәтиже көрсетуі керек.

- Қазақстанды сағынып жүрген жоқсыз ба? Қайта оралуыңыз мүмкін бе?

-Әрине сағынамын. Бірақ, менде ташкенттік «Локомотивпен» келісімшарт бар. Бұған қоса жарақатымнан әлі толық емделген жоқпын. Жалпы, достарымды, Ақтөбені, Қазақстанды сағынамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;