Грек-рим күресі

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын екінші орынмен аяқтады

news-banner7
mobile-news-top

Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия чемпионатында грек-рим күресінің балуандары жарысты аяқтады. Қазақстан командасы жалпы есепте екінші орынға табан тіредi.

«Классиктердің» еншісінде жеті медаль бар. Саматбек Ізімғали (45 келі), Мақсат Сайлау (80 келі) және Нұртаз Қыдырбай (110 келі) турнир чемпионы атанды.

Күміс жүлдегерлер қатарында Дінмұхаммед Қошқар (65 келі) мен Ерасыл Дәулетбек (48 келі) бар. Исхар Курбаев (51 келі) пен Ерасыл Кенганов (55 келі) үздік үштікке енген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер