русский язык
Футбол

Бердыев «Қайраттың» ардагерлер командасын жаттықтырады

Бердыев «Қайраттың» ардагерлер командасын жаттықтырады

Әлем құрамасына қарсы ойнайтын «Қайрат» ардагерлерін «Рубиннің» бұрынғы бапкері Құрбан Бердыев жаттықтырады, деп хабарлайды «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі.

«Құрбан Бәкиұлы клубымыздың шақыртуын қабыл алды және біз Әлем құрамасына қарсы кездесуде «Қайрат» ардагерлері командасының тізгінін осы аңызға айналған қайраттық ұстайтынына қуаныштымыз. Ол 70-80 жылдары қазақстандық футболдың флагманы ретінде атағы шығып, кейін ТМД-дағы жүлделі бапкерлердің бірі боп, жаттықтырушылық мәнсабын сәтті өткізді», - делінген алматылық команданың ресми сайтында.

Естеріңізге салсақ, «Қайрат» футбол клубының 60-жылдығына орай «Қайрат» ардагерлері мен әлем құрамасының арасындағы кездесу 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;