русский язык
Футбол

«Жұлдыздар матчында» «Қайрат» қомандасын Құрбан Бердиев баптайды

«Жұлдыздар матчында» «Қайрат» қомандасын Құрбан Бердиев  баптайды

«Қайрат» ФК аты аңызға айналған футболшыларынан құралған құрама командасын белгілі жаттықтырушы Құрбан Бердиев басқаратын болды, деп хабарлайды gazeta.kz сайты «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрбан Бердиев өткен ғасырдың 70-ші, 80-ші жылдары «Қайрат» командасының сапында өнер көрсеткен майталман футболшы екені белгілі. 1989-1991 жылдары Мәскеуде жоғары жаттықтырушылар мектебін бітірген соң ол жаттықтырушылық жұмысқа ауысты. 1994-1995 жылдары «Қайрат» футбол клубын басқарды.

Сонымен «Қайрат» құрама командасының сапында Евстафий Пехлеваниди, Владимир Нидергаус, Фанас Салимов, Сергей Стукашов, Валерий Гладилин, Сергей Рожков, Евгений Яровенко, Евгений Кузнецов, Игорь Авдеев, Руслан Балтиев, Дмитрий Огай және Михаил Гурман сынды атақты футболшылар өнер көрсетеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;