русский язык
Футзал

«Қайраттың» екі ойыншысы Бразилия құрамасына шақырылды

«Қайраттың» екі ойыншысы Бразилия құрамасына шақырылды

«Қайрат» мини-футбол клубының футболшылары Же және Алешандре Бразилия құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.

Екі ойыншы да әлемнің үздік құрамалары арасында 22-29 қазанда Кувейтте өтетін футзалдан Құрлықаралық кубокке шақырылды.

«Қайрат» АФК Же мен Алешандрені «селессао» сапына шақырылғаны үшін құттықтайды! Сіздерге тамаша ойын мен жарақатсыз оралуды тілейміз!», - делінген «Қайрат» баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;