русский язык
Волейбол

Волейболдан Азия кубогының топтық кезеңі аяқталды

Волейболдан Азия кубогының топтық кезеңі аяқталды

26 тамызда Алматыда ерлер арасында өтіп жатқан Азия кубогының топтық кезеңіндегі шешуші матчтар ойналды.

 

Қазақстан құрамасы бұл күнде жеңіске жете алды. Тек үшінші сетте қазақстандықтарға Жапония құрамасы қарсылық көрсете білді, алдыңғы екі партияда Алексей Патраков шәкірттеріне қиындық тумады. Матчтың есебі – 3:0 (25:19, 25:12, 27:25). А тобының екінші матчында Оңтүстік Корея құрамасы үндістандықтарды 3:1 (22:25, 25:22, 25:21, 25:22) есебімен қапы қалдырды.

В квартетінде Иран құрамасы төрт партияда аустралиялық қарсыластарын тізе бүктірді – 3:1 (25:13, 28:30, 25:23, 25:20), ал қытайлық волейболшылар Таиланд командасынан айласын асырды – 3:2 (19:25, 25:22, 18:25, 25:22, 15:13).

Топтық кезеңнің нәтижесі бойынша ширекфиналдық жұптар төмендегідей құрылды:

 

Оңтүстік Корея – Аустралия

ҮндістанҚытай

Таиланд – Қазақстан

Иран – Жапония

Ширекфиналдық матчтар 22 тамызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;