Ильин жұлқа көтеруден рекордын өзгертті
![Ильин жұлқа көтеруден рекордын өзгертті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408603683_182759165.jpg?v=28696765)
Олимпиада чемпионы Илья Илин өз рекордын жаңартты.
Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады: «Менің жаңа РЕКОРДЫМ! Жұлқа көтеруден 205 кг.»
Естеріңізге салсақ, Ильиннің жұлқа көтеруден бұрынғы рекорды – 196 келі болса, сілке көтеруден – 204.