Газзаев: «Астана» өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды

Газзаев: «Астана» өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Премьер-Лиганың кезекті туры аясында сырт алаңда қостанайлық «Тобылға» қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңында қостанайлық команда бас бапкері Владимир Газзаевтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Әрине, менің өз ойыншыларыма айтатын сыным әр кезде табылады. Дегенмен, олар бүгін барынша тырысып, жақсы ойын көрсетті. Бүгін сәттілік «Астана» жағында болды. Біз қарсылас қақпасына көптеген гол соғатын сәттер ұйымдастырғанымызбен, қақпаға дәл соққы бағыттай алмай жаттық. Ойынның біріші бөлігінде кездесу барысын толықтай бақылауда ұстадық, артынша қарсылас команда басымдыққа ие болды. Ойынның алғашқы таймы тең дәрежеде өрбіді деуге болады. Біз екінші таймда тек жеңіс үшін ойнадық. Мен төрешілер жұмысына ешқашан пікір білдірмеймін, алайда, олардың бүгінгі атқарған қызметіне көңілім толған жоқ. Екі көшбасшының ойынына дәл мұндай төрелік жасауға болмайды. Ойын барысында менің футболшыларым тактикалық ұстанымдардың барлығын орындады дей алмаймын. Дегенмен, чемпионат әлі де жалғасуда. Ары қарай Еуропа Лигасына дайындалатын боламыз.

- Төрешілерге қарсы қандай да бір шағым түсіресіз бе?

- Бұл менің құзырымдағы дүние емес. Бірінші гол соғылаған сәтте қарсылас ойыншысы Бочаровты арқасынан итеріп жіберді. Ал төреші болса ойынды әрі қарай жалғастыруға шешім қабылдады.

- Команданың гол соғуына не жетіспеді?

- Қазір нақты пікір білдіру өте қиын. Біз ойынды толықтай талдайтын боламыз. Менің ойымша, ойын нәтижесі алаңда орын алған жағдайды анық көрсетпейді. Бірақ, дәл бүгінгідей ойындар бізді шыңдай түсетіні анық.

- Никита Бочаровты алмастыруыңыздың себебі неде?

- Қарсыласқа қарсы қысымды арттыру үшін ойыншы алмастыру қажет болды. Мен ойыншы алмастырдан қателескен жоқпын деп ойлаймын. Қосалқы құрамнан алаңға шыққан Себайда гол соғатын 100%-дық екі мүмкіндік болды.

- Александр Клещенко соңғы уақытта мүлде көрінбейді. Ол футболшы қайда?

- Екі жақтың ортақ келісімі бойынша Александрмен келісімшарт тоқтатылды.

- Бауыржан Тұрысбектің ойынына қандай баға бересіз?

- Ол бүгін алаңда барын салып, бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерге ие болды, әсіресе екінші таймда. Өкінішке орай, сәттілік пе, әлде шеберлік пе, жетіскен жоқ. Біз гол соғатын көп мүмкіндік ұйымдастырдық, алайда, «Астана» өз мүмкіндіктерін сәтті пайдалана білді.

- Команда құрамын күшейту жоспарда бар ма?

- Біздің қаржылық жағдайымыз «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» немесе «Қайсар» сияқты ойыншыларды сатып алуға мүлде келмейді. Бізде жақсы команда бар, алайда, жоғары мақсаттарға қол жеткізу үшін жеке шеберліктері жоғары ойыншылармен команда құрамын күшейту аса қажет. Бұл салада жұмыс жүргізіліп жатыр. Мен қалаған ойыншыларды қаржылық қиындықтарға байланысты сатып ала алмаймыз. Дегенмен, жұмыс жалғасуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер