русский язык
Волейбол

Андрей Патраков: «Командамды жеңісіміен құттықтаймын»

Андрей Патраков: «Командамды жеңісіміен құттықтаймын»

4-ші Азия кубогында Қазақстан құрамасы Жапонияны тізе бүктірген соң, командамыздың бас бапкері Андрей Патраков қарсыласты қалай жеңгенін, кездесуде ненің шешуші болғанын айтты.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Патраков:

 – Бұл жолы барлық тұста да күшейттік, қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойнадық. Командамды жеңісімен құттықтаймын. Матч барысында бір ғана ойыншыны алмастырдық. Алғашқы алтылық өз ойынын тауып, сапалы ойын көрсетті.

Жапония құрамасының бас бапкері Шинго Сакаи:

– Қарсыласымыз мақтауға тұрарлық ойнады. Ал біздің ойынымыз жүрмеді. Көп қате жібердік, қарапайым тұстарда жиі ақау кетті.

Жапония құрамасының капитаны Джоэл Блоксом:

– Қазақстан блокты тамаша қояды. Қарсыласымыздың қорғанысын бұзып жара алмаған сәттерде не істерімізді білмедік. Енді қателерімізбен жұмыс жасап, Иранға қарсы ойында барымызды саламыз.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;