Жеңіл атлетика

Алматыдағы турнирде 11 елден 200-ден астам атлет бақ сынайды

Алматыдағы турнирде 11 елден 200-ден астам атлет бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Ертең, яғни 6-шілде күні Алматыда жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов мемориалы басталады.

Екі күнге созылатын додаға биыл 11 мемлекеттен 200-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Қазақстан, Грузия, Иран, Кувейт, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан құрамалары бар.

Сондай-ақ, бейтарап спортшы ретінде Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дарья Клишина шақырылған.

Жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов мемориалы 1991 жылдан бастау алған болатын. Міне, биыл аталмыш жарыс 29-рет ұйымдастырылғалы отыр.

Айта кетейік, Ғұсман Сыйтықұлы Қосанов 1935 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Изатулла ауылында дүниеге келген. Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысқан және Олимпиада жүлдесiн бірінші болып жеңiп алған қазақ атлеті.

Ол 1960 жылы Рим олимпиадасында күміс медальге ие болды. Италия астанасында 4х100 эстафеталық жарыста КСРО құрама командасы сапында Л. Бартенев, Ю. Коновалов, Э. Озолиндермен бірге мәреге екінші келді. Қосанов сондай-ақ 1960 жылғы Олимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтықта да жарыс алаңына шыққан болатын. Жекелей сында 10,7 секунд нәтижесімен жалпы есепте 6-орынға табан тіреді.

Ғұсман Қосановтың басқа да атақтары жетерлік. Еуропа чемпионы, КСРО чемпионатының күмiс жүлдегерi, Қазақстанның бiрнеше дүркiн чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының жеңiмпазы. Тіпті, жеңiл атлетикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер