Грек-рим күресі

Алғашқы күні бес жүлде

news-banner7
mobile-news-top

Астанада күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия біріншілігі басталды. Жарыстың алғашқы күні боз кілемге шыққан балғын балуандарымыз 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді олжалады.

Грек-рим күресінен өткен жарыста бас жүлдені Саматбек Ізімғали (45 келі) мен Нұртас Қыдырбай (110 келі) иеленді. Ерасыл Дәулетбек (48 келі) күміспен күптелсе, Ерасыл Кенғанов (55 келі) мен Исхар Кұрбаев (51 келі) қолаға қол созды.

Азия біріншілігінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Иран құрамасы алда келеді. Парсы елінің өрендері үш рет алтын тұғырға көтерілді. Қазақстанның балуандары екі мәрте топ жарса, Өзбекстан мен Тәжікстанға бір-бір бас жүлдеден бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер