русский язык
Бокс

«Чемпиондар айқасының» билеттері сатылымға шықты

«Чемпиондар айқасының» билеттері сатылымға шықты

«Чемпиондар айқасы» суперматчының «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» арасында 9-10 қыркүйекте өтетін ойынының билеттері сатыла бастады, - деп хабарлайды Baq.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, «Чемпиондар айқасы» суперматчы екі күн қатарынан «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтеді деп жоспарланған.

Ал билеттер «Жастар» және «Конгресс-холл» кассаларында, «Мега», «Керуен», «Сарыарқа» ОССО, «Меломан» желілерінде саудаға қойылды. Трибунадағы билеттердің құны 500 теңгеден 2000 теңгеге дейін болса, ал партерде 3000 теңгеден 5000 теңге аралығында. Айта кетейік, 9 қыркүйекте болатын ойын билеттерінің түсі – сары, ал 10 қыркүйектегісі – көк және ол бір күнге ғана жарамды болып табылады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;