русский язык

QUDAL сауалнамасы бойынша Илья Ильин Қазақстанның №1 атлеті деп танылды

QUDAL сауалнамасы бойынша Илья Ильин Қазақстанның №1 атлеті деп танылды

Елімізде алғаш рет жүргізілген QUDAL - QUality meDAL («Сапа медалі») сауалнамасына сәйкес, қазақстандықтар Илья Ильинді №1 атлет деп санайды. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

QUDAL инновациялық сауалнамасы анықтағандай, қазақстандық интернет-пайдаланушылар спорт, спот жұлдыздары мен спорт клбутарын өз елінде ғана емес, халықаралық деңгейде де қабылдайды. Зерттеуді Швейцарияның ICERTIAS www.icertias.com ұйымы онлайн режимінде жүргізді. 

Танымалдылықтың орнына QUDAL сауалнамасы тек азаматтардың қабылдауына, тәжірибе мен өнім немесе қызмет сапасына қанағаттану мәселелеріне бағытталды – ал аталмыш жағдайда бұл: спорт тақырыбы, жеке тұлғалар, ұйымдар немесе клубтар. 

Қазақстанда жүргізілген QUDAL сауалнамасында ең жоғары сапаға қатысты көп дауыс жинаған Илья Ильин (категория: Қазақстандық спортшы), теннисші Новак Джокович (категория: Халықаралық спортшы) және Real Madrid F.C. (категория: Халықаралық спорт клубы) болды. 

Сауалнама DEEPMA-CAWI (Deep Mind Awareness - Computer Assisted Web Interviewing) инновациялық әдісіне негізделген веб-анкета түрінде өткізілді. 

QUDAL - QUality meDAL www.qudal.com – бұл Швейцарияның ICERTIAS- International Certification Association GmbH (Халықаралық сертификация қауымдастығы) ұйымының жобасы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;