русский язык
Футбол

Әлішер Сүлей: «Днепр» клубына ауысуға жақын болдым»

Әлішер Сүлей: «Днепр» клубына ауысуға жақын болдым»

Қазақстан жастар құрамасы мен қостанайлық «Тобыл»  клубының жартылай қорғаушысы Әлішер Сүлей «ПРОСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында Украина чемпионатына ауысуы мүмкін болғанын мәлімдеді.

- Әлішер, Қазақстан жастар құрамасының жаттығуы қалай өтті?
- Барлығы ойдағыдай, бапкер берген тапсырманы орындадық.

- Францияға қарсы ойында мүмкіндігіміз бар ма? 
- Қандай мықты команда болмасын ұтуға болады деп ойлаймын.

- Қалайда ұтуымыз керек деп бір-біріңе жігер бердіңдер ме?
- Мен Қазақстан жастар құрамасына жақында ғана шақыртылдым. Екі-ақ жаттығу жиынына қатыстып үлгердім. Бірақ біз барлық ойында алаңға жеңіс үшін шығамыз.

- «Тобылдың» бұрынғы жетістігін қайталау үшін не жетіспейді?
- Иә, «Тобыл» көп жылдар бойы үздік үштік қатарында болып жүрді ғой, әлі дұрысталады деген сенімдемін.

 



- Біздің Чемпионатты бұрынғыға қарағанда біршама күшейген деп жатады, осы оймен келісесің бе?
- Иә, біздің футбол дамып жатыр деп ойлаймын.

- Ойын сапасы жақсарып келе жатқаны рас шығар, бірақ әлі де стадиондар мен инфрақұрылым нашар. Бұған не дейсіз?
- Иә, келісемін стадион, база және академиялар ашылса жақсы болар еді.

- Қысқы маусымаралық мерзімде Украина чемпионатының командасында байқауда болдың...
- Иә, «Днепр» клубында байқаудан өттім. Байқаудан соң басшылық командада қалуымды сұрады, алайда ол кезде Украинада саяси дағдарыс болып жатқандықтан ата-анам қарсы болып, елге оралуымды өтінді.

 



- Ертең «Астана» - «Вильярреал» және «Ақтөбе» - «Легия» матчтары бір уақытта болады, қайсысын тамашалауды жоспарлап отырсың?
- Абат шықса Ақтөбені қараймын (күлді), бірақ қәзір ғаламтордың арқасында екі матчты қатар көруге болады.

- Абатпен жақын дос болдың ғой?
- Абат екеуміз жасөспірімдер құрамасынан бері доспыз

- Сұхбат бергенің көп рахмет. Үлкен спортта жетістікке жете бер!
- Рахмет!
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;