Марсело мас күйінде көлік айдап, жүргізуші куәлігінен бір жылға айырылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызМадридтік «Реалдың» қорғаушысы Марсело мас күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізуші құжатынан айырылды.
Бразилия құрамасына шақырту алмаған футболшы Рио-де-Жанейро қаласында отбасымен бірге демалып жатыр. 1 шілде күні құқық қорғаушылар Марселоны алкоголь тұтынды деген күдікпен тест өткізбек болады, алайда ол тесттен өтуден бас тартты.
Осы себепті Марсело 675 еуро көлемінде айыппұл төлеп, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды.