русский язык
Бокс

Марко Антонио Рубио: «Головкинді нокаутқа жіберемін»

Марко Антонио Рубио: «Головкинді нокаутқа жіберемін»

Кәсіпқой бокстан WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға үміткер атанған мексикалық боксшы Марко Антонио Рубио қазақстандық қарсыласын нокаутқа жіберетінін айтты, деп мәлімдейді 24.kz сайты.

Бұл жайында ол BoxingScene тілшілеріне берген сұхбаты барысында айтқан.

«Мен үшін кіл мықтылармен жұдырықтасу – абырой. Сол үшін мен өз алдыма ең қиын міндеттерді қойып отырмын. Мен боксты спорттық бәсекелестік деп түсінемін. Егер мықтылармен кездеспесеңіз бокспен айналысудың не қажеті бар? Мен өзімнің бірінші боксшы болатыныма сенімдімін және сол мақсатқа жету үшін еңбектеніп жатырмын» - деді Рубио.

 «Менің ойымша, Головкин – өте жақсы боксшы. Біз оның жекпе-жектерін көрдік. Бірақ мен оған жақсы қарсылас атанып, нокаутқа жібере алатыныма сенімдімін. Қазір сол жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Әрине, қиын болады, бірақ мен барымды саламын» - дейді мексикалық боксшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;