Теннис

Воскобоева Уимблдон турнирін сәтті бастады

Воскобоева Уимблдон турнирін сәтті бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Галина Воскобоева румыниялық Сорана Кырстямен бірге жұптық сында Уимблдон турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық-румыниялық жұп бастапқы кездесуін ұлыбританиялықтар Сара Бет Грей мен Эден Сильвамен өткізді.

Воскобоева мен Кырстя бірінші партияда қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ - 6:0. Екінші сетте де басымдылықтарын айқын байқатты - 6:3.

Бәсеке бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Воскобоева мен Кырстя екінші айналымда франциялық Ализе Корне мен хорватиялық Петра Мартич және ресейлік Вероника Кудерметова мен латвиялық Елена Остапенко жұптарының қай жеңгенімен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер