Басқа

Жүзуден қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстың финалына өтті

Жүзуден қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстың финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Брест қаласында жүзуден лицензиялық турнир басталды. Беларусь ашық кубогінің күндізгі бөлімінде ұщ қазақстандық спортшы мен әйелдер арасындағы эстафетаға қатысушылар финалға жолдама алды деп жазады Olympic.kz.

100 метрге еркін әдіспен жүзуден Қорлан Әмірханова алтыншы орын иеленіп, финалға өтті.

Анастасия Резванцева 100 метрге шалқалап жүзуден 8-ші орыннан көрінді.

Бұл да финалға шығу үшін жеткілікті нәтиже. Диана Злобина 400 метрге кешенді жүзуден іріктеу сынында бірінші орын иеленді.

Еркін әдіспен жүзуден эстафеталық сында Қазақстан әйелдер командасы да жүлдеге таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер