Теннис

Сенсация жасаған Путинцева Уимблдоннан ұшты

Сенсация жасаған Путинцева Уимблдоннан ұшты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева швейцариялық Виктория Голубичпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Теннисшілер Уимблдонның екінші айналымы аясында күш сынасқан. 24 жастағы отандасымыз әлемнің 81-ракеткасына екі сетте жол берді – 4:6, 6:7.

Матч 1 сағат, 40 минутқа созылды. Теннисшілер алғаш рет кездескен. Қазір WTA рейтингінде Путинцева 31-ші орында тұр.

Естеріңізге салсақ, Уимблдонның бірінші айналымында әлемнің екінші ракеткасы жапониялық Наоми Осаканы ұтып, сенсация жасаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер