Қазақстандық футболшы Ресейге ауысуы мүмкін

Қазақстандық футболшы Ресейге ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» вице-капитаны Исламбек Қуат алдағы трансферлік кезеңде Ресей біріншілігіне ауысуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.

Әзірге Исламбек Қуаттың нақты қай командалармен келіссөз жүргізіп жатқаны белгісіз. Дегенмен қазақстандық футболшы Ресейдің Премьер-лигасында өнер көрсетуі мүмкін.

Бұған дейін бельгиялық агент Кен Ван Дейк қазақстандық футболшылар Исламбек Қуат пен Юрий Перцух еуропалық клубтың сапын толықтыруы мүмкін екенін айтқан болатын.

Оған қоса, Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, Исламбек Қуат пен «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский жанжалдасып қалған. Осыған байланысты, қазақстандық футболшы тез арада командасын ауыстырғысы келеді.

Айта кетейік, Исламбек Қуат «Қайраттың» сапына 2014 жылы қосылған. Сондай-ақ «Ақтөбе» және «Астана» командаларында ойнады.

Түпнұсқасы: sportmail.ru Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер