ФИФА «Ақтөбеге» салынған тыйымды алмады

ФИФА «Ақтөбеге» салынған тыйымды алмады
news-banner7
mobile-news-top

ФИФА «Ақтөбе» клубынан 2019 жылдың жазғы трансферлік кезеңде жаңа ойыншыларды тіркеуге салынған тыйымды алмады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан футбол Федерациясының кеңсесіне әлем футболының басты органынан мынадай хат келді:

- «Ақтөбе» футбол клубына ойыншыларды тіркеуге салынған тыйым туралы

№IR19-00373/jve

Жоғарыда айтылғанға сүйене отыра және 2019 жылдың 27 маусымында сізден жеделхат алғанымызды растай отыра мән-жайды былайша түсіндіреміз

Сіздің сұратымыңыз 2018 жылдың 24 тамызындағы ФИФА-ның Дау-дамайды шешу палатасының сіздің үлестес «Ақтөбе» футбол клубына 2019 жылдың 11 қаңтарынан бастап 2 (екі) тіркеу мерзіміне тыйым салу туралы шешімге қатысты екендігі белгілі. Осыған орай, сіздің Федерация да «Ақтөбе» футбол клубының «футболшы Муарем Муаремнің алдында барлық қарыздарды 2019 жылдың 27 ақпанында төлеп болғандығын» жеткізіп, ФИФА-дан «2019 жылдың 26 маусымы мен 24 шілдесі аралығында ойыншыларды тіркеуге тыйым күшінде бар-жоғын» түсіндіріп беруді сұрайды.

Осыған орай, тараптар 2018 жылдың 1 қарашасында ескертілген жоғарыда аталған шешімге сәйкес, біз жаңа ойыншыларды тіркеу спорттық санкция толық аяқталғаннан кейін
келесі тіркеу кезеңінен басталатындығын жеткіземіз (17бап, 4 бөл, Ойыншылардың мәртебесі мен ауысулары туралы Регламент), яғни, 2020 жылдың 11 қаңтарынан басталады. Демек, тіркеуге салынған тыйым 2019 жылдың екінші тіркеу уақытында да іске асырылады.

Құрметпен, Сіздің FIFA

Erika Montemor Ferreira Gaudenz Koprio, - делінген хаттамада.

fc-aktobe.kz

fc-aktobe.kz

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер