Басқа

2023 жылғы жазғы Универсиада қай елде өтетіні белгілі болды

2023 жылғы жазғы Универсиада қай елде өтетіні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

2023 жылы өтетін Бүкіләлемдік Жазғы Универсиада ойындары қай елде өтетіні белгілі болды.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, осыдан бір күн бұрын Халықаралық университет спорты федерациясының отырысында Атқарушы комитет 2023 жылғы жазғы Универсиаданың астанасы ретінде Ресейдің Екатеринбург қаласын таңдаған.

«Неапольде өткен отырыста Ресейдің ірі спорттық жарыстарды өткізуден тәжірибесі мол екендігіне басымдық берілді. Атап айтар болсақ, көрші елде футболдан әлем чемпионаты, қысқы және жазғы универсиада ойындары мен олимпиада өткен болатын», деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Ресей бұл Бүкіләлемдік жазғы универсиада ойындарын осымен үшінші мәрте өткізгелі отыр. Осыған дейін, нақтырақ айтсақ, 2013 жылы Ресейдің Қазан қаласында Жазғы универсиада өтсе, 2019 жылы Красноярскіде студенттердің қысқы ойындары ұйымдастырылды.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер