Басқа

Триатлоншыларымыз Орталық Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті

news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстанның Шолпон-ата қаласында триатлоннан Азия Кубогы мен Орталық Азия чемпионаты өтті.

Турнирге Әзербайжан, Гонконг, Иран, Қазақстан, Катар, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Румыния, Сербия, Сирия, Тайвань, Украина, Өзбекстан, Жапония елдерінен90-ден астам спортшы қатысты. Almaty Triathlon Federationатынан (бас жаттықтырушы – Максим Мазур): Ғазиза Құмақбаева, Дарья Бычкова, Антон Витолин, Егор Крупяков, Александр Тен сияқты атлеттер қатысты.

Алматылық атлеттер Орталық Азия чемпионатында түрлі дәрежедегі медальдарға ие болды.

Almaty Triathlon Federation құрамасының мүшесі Антон Витолин "ерлер Elitе" санатындағы 1:02:22 уақытта Нұр-сұлтандық Темірлан Теміровке бар болғаны 7 секундқа жолберіп, күміс медальді жеңіп алды. Үшінші орында Иран спортшысы Бехзад Нобари Поур (1:02:42).

Әйелдер арасындағы "Elite әйелдері" категориясында алматылық спортшылар Дарья Бычкова мен (1:13:48) мен Ғазиза Құмақбаеваға (1:15:07) тең түсетін адам болған жоқ.

Триатлоннан қазақстандық спортшы-Александр Тен тағы да Азиядағы ең үздік триатлоншы екенін растады. "Ерлер U-15" категориясында ("Суперпринт" дистанциясы) біріншіболып 00:32:50 нәтижесімен алға шықты. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 22 маусымда Кенджу қаласында (Оңтүстік Корея) Александр Тен Азия чемпионы атанды. Екінші болып құрамадағы Егор Крупяков (00:34:05) келді. Қола жүлдені қырғыз триатлет Савелий Проскурников (00:34:53) алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер