PROСПОРТ-блог
Басқа

Бөтелкені аяқпен ашу «модаға» айналды

Бөтелкені аяқпен ашу «модаға» айналды
news-banner7
mobile-news-top

Флеш-мобты орындау өте оңай: аяқпен айналдыра соққы жасай отырып, бөтелкенің қақпағын ашу.

Bottle Cap Challenge 2017 жылы пайда болған. Алайда қазіріг кездегідей аса танымалдыққа ие болмаған. Осы жылдың жаз айында қайтадан бастау алған флеш-мобты каратэші (helena_tigres) орындап танымал болды.


Артынша қазақстандық файтер Фараби Давлетчин орындады. Хеленамен салыстырғанда, Фараби секіре отырып бөтелкенің қақпағын ашты.

Фарабидің видеосын атақты дизайнер, Acronym брендінің қалаушысы Эрролсон Хью байқап қалып, трюкті қайталады.

Хьюден кейін UFC файтері Макс Холлоуэй де аталмыш флеш-мобтан тыс қалмады.

Макстың Bottle Cap Challenge вирусты бейнеролигі санаулы күндер ішінде 2 млн көрсетілім жинады. Әйгілі актер Джейсон Стэтхем де байқап көрді. "Механик" айрықша стильде орындап, көзге түсті.

«Керемет жұмыс, Джейсон Стэтхем. Бөтелкені сен үшін ашамын. Флойд Мейвезерге табыстаймын», - деген атышулы МакГрегор өзінің Instagram-ында.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер