Бокс

Головкин P4P рейтингісінде үздік бестіктен тыс қалды

Головкин P4P рейтингісінде үздік бестіктен тыс қалды
news-banner7
mobile-news-top

Беделді басылымдардың бірі Boxingscene.com сайты салмақ категорияcынан тыс әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімде отандасымыз Геннадий Головкин жетінші орынға жайғасты. Көштің басын америкалық Теренс Кроуфорд бастап тұр. Екінші, үшінші орынға жапон спортшысы Наоя Иноуэ мен украиналық Василий Ломаченко орналасқан. Ал мексикалық Сауль Альварес төртінші орында тұр.

Boxingscene.com ұсынған P4P рейтингісі:

1.Теренс Кроуфорд
2. Наоя Иноуэ
3. Василий Ломаченко
4. Сауль Альварес
5. Александр Усик
6. Эррол Спенс
7. Геннадий Головкин
8. Хуан Франсиско Эстрада
9. Майки Гарсия
10. Срисакет Сор Рунгвисаи.

IBO Головкинге қарсылас таңдады

Головкин баяулап қалды ма

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер