русский язык
Футбол

Сильвестр Черешевски: «Қазақстанда жеңілмеуіміз керек»

Сильвестр Черешевски: «Қазақстанда жеңілмеуіміз керек»

«Легияның» ардагері Сильвестр Черешевски польшалықтардың «Ақтөбеге» қарсы алдағы матчы туралы ойын айтты, деп хабарлайды nur.kz польшалық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

«Ақтөбеде ойнау қиынға соғады. Өз қақпамызға гол жібермеуіміз керек. Аз дегенде ақтөбеліктерге бір гол салу қажет. Олар өз алаңында жақсы ойнайды. Егер олар бізді Қазақстанда жеңбесе, біз топтық кезеңге өте аламыз, себебі бұл команданың Варшавада ұтпайтыны анық. Біздің жігіттерге ертеңгі маңызды матчқа қорықпай дайындала беру керек. «Ақтөбе» «Селтик» емес, сондықтан жәй ғана салқынқандылық танытып, қарсыласқа солардың алаңында қысым жасау керек», - деді Черешевски.

Естеріңізге салсақ, «Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы алғашқы матч 21 тамызда Астана уақытымен 21:00-де болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;