Иван Маевский: Біз кінәні тек өзімізден іздеуге тиіспіз

Иван Маевский: Біз кінәні тек өзімізден іздеуге тиіспіз
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» турдың орталық кездесуі аясында алматылық «Қайратқа» есе жіберді. Ойын соңында елорда командасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский кездесу туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

- Ойынның бірінші таймында тең дәрежедегі ойын өрбіді. Екі командада гол соғатын мүмкіндіктер болды. Ал екінші таймды біз жаман бастаған жоқпыз. Алайда, қақпамызға гол жіберіп жіберіп алғаннан кейін, артынша екінші голды жібердік. Сол сәт бізді есеңгіретіп тастады. Біздің командада есепті қысқартатын мүмкіндіктер болған, алайда, біз жоқ жерден допты көп жоғалтып жаттық. Біз сияқты командаға олай ойнауға болмайды. Қазір команда құрамындағы әр ойыншы өзінің жіберген қателіктері туралы ойланатын уақыт жетті. Біз кінәні тек өзімізден іздеуге тиіспіз.

- Үйдегі ойынды «Астана Аренада» емес, Павлодарда өткізу ойынға қандай да бір әсерін берді ме?

- Менің ойымша, бұл ақталатын себеп емес. Екі команда бірдей жағдайда ойнады.

- Бүгін Павлодарға Нұр-Сұлтаннан бір топ жанкүйер келді. Олардың қолдауын сезіне алдыңыздар ма?

- Әрине, біз олардың қолдауын анық сезіндік. Команда бүгін басқа нәтиже үшін алаңға шыққан болатын. Дегенмен, бұл футбол. Алыс жолды артқа тастап, бізді қолдауға келген жанкүйерлерге алғыс айтамын. Алдағы ойындарда жағдайды тез арада реттеп, өз жеңістерімізбен қуантатын боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер