Теннис

Шампан ішкен ресейлік теннисші қайтыс болды

news-banner7
mobile-news-top

16 жастағы ресейлік теннисші Мәскеуде спортшы құрбысының сауық кешінде қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Eurosport.com ақпараты бойынша, спортшы теннисші құрбысының үйіне келіп, шампан ішкен де, өзін нашар сезініп тұрғанын айтып ұйықтап қалған. Ертеңіне достары оны оятуға тырысқанымен, теннисші көзін ашпаған.

Жас спортшының денесінен зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ. Тергеушілер қазір жасөспірімнің неден өлгенін тексеріп жатыр, алдын ала нұсқа – улану.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер