русский язык
Футзал

«Қайрат» «Сибирякпен» тең түсті

«Қайрат» «Сибирякпен» тең түсті

Алматылық «Қайрат» «Орал кубогының» екінші матчын тең аяқтады.

Бірінші боп «Сибиряк» ойыншылары гол соқты. Алайда қайраттықтар араға 10 салып таразы басын теңестіріп, тағы да 6 минуттан кейін алға шықты. 48-минутқа дейін 3:2 есебімен алда келе жатқан алматылық клуб ойынды жеңіспен аяқтайтындай көрінген. Десек те, мұнымен номиналды алаң иелерінің ойыншысы Умберто келіспей, кездесу тағдырын өзгертіп жіберді – 3:3.

Бүгін «Қайрат» «Ишим-Тюменді» 7:2 есебімен тас-талқан еткен «Синара» клубымен ойнайды.

Сибиряк - Қайрат     3:3 (1:1)
Голдар: Лео Сантана 12, Кузнецов 40, Умберто 49 – 1:1 Кайо 22, Дуглас 28, Лео 48
Сибиряк: Сизиков - Лео Сантана, Покотыло, Иванов, Дарлан, Умберто, Тимощенков, Плахов, Дунец, Перемитин, Кузнецов, Котляров

Қайрат: Игита, Маркао - Жаманқұлов, Сүлейменов, Игор, Же, Лео, Алешандре, Жоан, Першин, Дуглас, Смақов, Кайо 
Ескертулер: Перемитин, Умберто, Лео Сантана, - Лео,  Жоан
19
тамыз. ДИВС. Екатеринбор.

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;